Жамбыл облысының білім беру мекемелерінде психологиялық қызметті жетілдіру мақсатында 2024 жылдың ақпан айында психологиялық кеңес беру айлығы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті жандандыру және жетілдіру мақсатында 2024 жылдың ақпан айында жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді.
Осыған орай, облыстағы білім беру ұйымдарында сапалы психологиялық қызмет көрсету мақсатында «Әр бала – жарық жұлдыз!» атауымен психологиялық айлық ұйымдастырылды.
Психологиялық айлық барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында «Ең үлкен сый – өмір», «Әлем менімен керемет!», «Мен үшін баға жетпес құндылық» тақырыптарында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізілді. Білім алушылардың позитивті ойлау әрекеттерін қалыптастыру үшін «Әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін не жасауға болады?», «Менің көңіл-күйімді не жақсартады?», «Мен үшін жанашыр адам, ол...» тақырыптарында эссе, ойтолғаулар жаздырылды. «Жақсылық жасау парызың», «Жақсы сөз жанға демеу», «Біздің күшіміз бірлікте!» тақырыптарында акциялар ұйымдастырылды.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысын жандандыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Балаңызды қаншалықты түсінесіз?», «Ата-ана, Сізді не алаңдатады?» тақырыптарында психологиялық кеңес беру жұмыстары (ашық есік күні) ұйымдастырылды. «Ата-аналарымыздың біз білмейтін қырлары», «Айналамыз толған жақсы адамдар» тақырыптарда сынып сағаттары, ата-аналармен кездесу кештері, «Отбасы – жылулық ұясы», «Бала болашағы бүгіннен басталады», «Ел болашағы – саналы ұрпақ» т.б. тақырыптарда семинарлар өткізілді.
Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық түрлерінің (буллинг (кибербуллинг), зорлық-зомбылық, бопсалау, жыныстық тиіспеушілік) алдын алу бағытында «Зорлық-зомбылық пен буллинг жақсылыққа апармайды!», «Заманауилықтың біз білмейтін теріс жақтары», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Ар мен намыс таразыға түскенде» т.б. тақырыптарда пікірсайыс, дөңгелек үстелдер жүргізілді.