2019 жылы облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсын өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізіледі.
. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;
2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.
- Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады.
- Құжаттарын, құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылдың мамыр айының 10-на дейін облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында (Х. Бектұрғанов көшесі, №6 үй, №204 каб.) сағат 09.00-ден 17.30-ға дейінгі уақытта (13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен) қабылданады.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы
оқу-әдістемелік кабинетінің
«Білім сапасын басқару және менеджмент» бөлімі