«Аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары», «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар мен негізгі принциптер» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 наурызында Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары», «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар мен негізгі принциптер» атты облыстық семинар өтті.
Білім алушылардың «Қазақ тілі» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін, 9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау ерекшеліктері мен тапсырма құрастыру талаптарын, авторлық бағдарлама жазудың негізгі принциптерін меңгерту мақсатында өткен іс-шара барысында нақты ұсыныстар беріліп, кері байланыс алынды.
Төрт дағдыға негізделген (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тапсырма түрлері көрсетіліп, әрбір дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданды.
Облыстық семинарға 25 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.