ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

TARAZ TALKS ШЕБЕРЛІК ДӘРІСТЕРІ

Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің табысты түлектерінің маңызды идеяларын тарату мақсатында 28 тамыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында «Қоғамдық сананың жаңғыруы жағдайында білім берудегі инновациялар мен дәстүрлер» тақырыбында TARAZ TALKS шеберлік дәрістері өткізілді.
TARAZ TALKS шеберлік дәрістеріне Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, ф.ғ.д Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Назарбаев университетінің PhD докторы Қанаева Гүлмира, Саутгемптон университетінің PhD докторанты Міндетбай Ерхан Аманкелдіұлы, Бристоль университетінің PhD докторанты Жанат Төтешева, облыстық білім басқармасының мамандары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорының орынбасарлары, білім қызметкерлері барлығы 250 адам қатысты.
Іс-шараға қатысушылар экожүйені, медицинаны, экономиканы, білімді, мәдениетті, өнерді және т.б. жақсартуға бағытталған адами қызметтің түрлі салаларындағы жаңа технологиялар, әлемдік және отандық ғылымда, технологияларда, экономикада, мәдениетте және т.б. болып жатқан инновациялық үдерістер туралы мәселелерді талқылады.

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Ал Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық барысы қандай?
26 тамыз күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Келешекке – кемел біліммен» атты педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. 
Жыл сайын жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын. Ол алдағы бір жылға мақсат жоспарларды бағдарлап, міндеттерді айқындайтын жиын.
Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Президенті Асқар Ибраимов, Халықаралық «Білім-Инновация» қорының Президенті Дархан Өте, «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев, сондай-ақ, Тараз қаласының әкiмі, құқық қорғау және атқарушы органдардың, бiлiм бөлімдерінің басшылары, кәсіподақ ұйымының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Білім басқармасының басшысы педагогтардың тамыз конференциясында жаңа оқу жылының жаңалықтары мен ескі жылдардың қорытындысы туралы баяндама жасады.
Басқосуда қол жеткізілген бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер айтылып, өз ісін абыроймен атқарып жүрген ұстаздар марапатталды.
Сондай-ақ, конференция аясында облыстың білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрме қойылды.

4-сыныптарға  сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция отырыстары өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 26 тамыз   күні білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция отырыстарын өткізді.

Тараз   қаласы   А.С.Пушкин  атындағы №41 көпсалалы  гимназиясының базасында  өткен іс-шараға  548  педагог  қамтылды.

          Аталған секция жұмыстарында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі және А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері  ОӘК-мен жұмыс,  төртінші сыныптағы оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері,  критериалды бағалау аясындағы қалыптастырушы  және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындаудың негізгі тәсілдері бойынша шеберлік сыныптарын, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары   жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде дифференциалды білім беруді  ұйымдастыру бойынша семинар-практикумдар сериясын өткізді.   

        Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері  электронды  дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының құзыреттілігін арттыру мақсатында 26 тамыз күні мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында ТEDх дәрістері өткізілді.
ТEDх дәрістеріне Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің профессоры, PhD докторы Шаматов Дуйшонкул, Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебінің қызметкері, PhD докторанты Қаратабанов Руслан Әділханұлы және облыстық білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары барлығы 240 педагог қатысты.
Іс-шараға қатысушылар орта білім берудің білім сапасын арттырудың педагогикалық аспектілері, Қазақстандағы білім беру сапасын арттырудың ғылыми негіздері, білім беру мен тәрбиенің біртұтастығы туралы мәселелерді талқылады.
ТEDх дәрістер барысында білім беру ұйымдарының басшыларына жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында заманауи білім беруді дамыту барысында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдіснамалық материалдар таратылды.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысы бойынша мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті

2019 жылы 26 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Тараз қаласындағы филиалы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде мектепалды даярлық сыныптарында білім беру үдерісін модельдеу» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті. Аталған іс-шараға облыс бойынша 240 педагог қатысты.

Секция отырысында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат беріліп, педагогтар электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.