«Информатика сабағында белсенді әдістерді пайдалану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-практикум өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 қаңтар күні облыстың жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «ІТ-шебер» жобасының аясында «Информатика сабағында белсенді әдістерді пайдалану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-практикум өткізілді.
Информатика пәнін оқыту мен оқуда қолданылатын белсенді әдістердің тиімді тәсілдерін тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 124 педагог қатысты.
Іс-шара барысында интерактивті тапсырмаларды дайындау платформаларын пайдалану бойынша іс-тәжірибелері ұсынылды.