ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР СЫНЫП ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 ақпан күні мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Заттық-кеңістіктік дамытушы білім беру ортасы-тұлғаны қалыптастыру кепілі» тақырыбында облыстық шебер сынып өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды сынып педагогтері, барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларының ерекшеліктері туралы және ойынның бала өміріндегі маңыздылығы жайлы толық мағлұмат алып, 1 наурыз - Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 Наурыз мейрамдарын атап өту үшін әдістемелік ұсынымдар таныстырлып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Облыстық тәжірибелік семинар өтті

2024 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инклюзивтілік принципін негізге ала отырып, жалпы білім беруді дамыту, педагогтерді ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қолдау мақсатында «Жаңа мүмкіндіктер мектебі» жобасы аясында «Педагог-ассистенттердің кәсіби қызметін кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру» тақырыбында №32 орта мектебінің базасында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Аталған іс-шараға 53 педагог-ассистент қатысты.
Іс-шарада жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың табысты әлеуметтенуі мен оқуы үшін педагог-ассистенттің жұмысын жүйелі ұйымдастыру, білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес оқу жағдайларын жасау, инновациялық және арнайы педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі айтылды. Тәжірибелік семинар барысында педагогтер «Сравнение числовых выражений», «A brochure about your town» тақырыптарында ашық сабақтар, «Визуальды қабылдау, «Қимылды қайталау, «Рецептивная речь» тақырыптарында педагог-ассистенттер жеке түзету сабақтарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта мектепішілік вокалды студияда жұмыс жасайтын ерекше білім беруді қажет ететін балалар өз өнерлерін көрсетті. Жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеяларын жүзеге асыра отырып, педагог-ассистенттерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған облыстық шебер сынып өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 ақпан күні Тараз қаласы, №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының базасында құзыреттілік орталықтар бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Заттық-дамытушы орта арқылы тәрбиеленушілердің дербестігін жан-жақты дамыту» тақырыбында облыстық шебер сынып өтті.
Іс-шара барысында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, бөбекжай-бақшасының заттық-дамыту орталарының көрмесін тамашалады.
Іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жулаы, Шу аудандары мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінен 30 педагог қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде жетекшілерге арналған тренинг өтті


Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде жетекші педагогтерге арналған «Функционалды сауаттылықты дамыту мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шараның теориялық бөлімінде функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылды. Тәжірибелік бөлімде функционалдық сауаттылыққа байланысты топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыстар жасалып, постерлер қорғалды.
Аталған іс-шараға республиканың 20 өңірінен келген 50 педагог (жетекшілер) қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі информатика пәнінің мұғалімдері «Информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындау барысында есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыптарында информатика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті
Семинар барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша санау жүйелері, ақпараттың өлшем бірліктеріне қатысты есептердің және онлайн платформаларды қолдану арқылы тапсырмалардың тиімді жолдары мен тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 53 педагогі қатысты.