Ұлт көшбасшысы – тәуелсіздік кепілі - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

  1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлі»;
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеяларының негізінде оқушыларды отансүйгіштікке, ізгілікке және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу;
  3. «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық  патриотизм  негізі».

           Конференцияның мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алатын орнын, өмірі мен қызметін, саяси тұлғасының толыққанды танытатын ерекшеліктерін, қазақ елінің дамуы мен гүлденуіне  сіңірген еңбектерін насихаттау.

Іс-шара барысында Дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған

«Дарын»  мектеп – интернатының тарих пәнінің мұғалімі М.Бегілдаеваның  «Елбасының тапсырмалары: Ұлы даланың жеті қыры», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университетінің «Қазақстан  тарихы» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к., доценті  С.Бақторазовтың «Елбасы Жолдауы – сөзден іске көшуге жетелейді», Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің           «Өнер және мәдениет» факультетінің деканы, п.ғ.к Л.Ибраимованың        «Педагог мәртебесі», Тараз  қаласы, №8 гимназиясының  директоры Ә.Әзімбайұлының «Елбасы және Қазақстандық білім беру модельнің қалыптасуы»,   Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі директорының шет тілі жөніндегі орынбасары М.Оспановтың  «Білімді жастар – болашақ тұтқасы», Тараз  қаласы №24 гимназиясының мұғалімі, республикалық  «Үздік педагог-2018» байқауының жүлдегері Н.Полухинаның  «Лидер наций – гордость наций»  және т.б  тақырыптарда  баяндамалар  тыңдалды.

Сондай-ақ, пән мұғалімдері мен тәрбие саласына жауапты мамандардың ғылыми ізденіс жұмыстарында еліміздің эко­но­микалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту жолдары, білім беру жүйесіндегі тың өзгерістер мен жаңалықтар және егеменді ел ұрпағын тәрбиелеу мәселелері  жан-жақты сараланып, таныстырылды.

Конференция барысында «Елбасы – ел тірегі!» атты  қолөнер  бұйымдарынан және суреттер  көрмесі  қойылды.  

Іс-шараның қорытынды бөлімінде  резолюциясы  қабылданды және ғылыми материалдар «Ұлт көшбасшысы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы конференция материалдарының жинағы  шығарылды.