ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖЕТІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК АТАНДЫ - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс  тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы,  құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндерінен өткен зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша жамбылдық оқушылар 3 алтын, 6 күміс және 14 қола медальды жеңіп алды. Осы орайда облысымыздағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2018» номинациясын қатарынан 10-шы рет иеленіп, ең үздік мектеп екенін дүйім жұртқа тағы да дәлелдегенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 5 алтын, 7 күміс, 15 қола медальмен марапатталды.
Республикамыздың түпкір-түпкірінен келіп, математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен сынға түскен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушылар арасында білім деңгейлерінің биіктігімен топ жарған жамбылдық оқушылар биыл да «Ең Үздік команда-2018» номинациясының иегері атанып, командалық есепте І орынды жеңіп алды. Сөйтіп, 7-ші жыл қатарынан өздерінің үздік екендіктерін дәлелдеді. 
Білім бәйгесінде бақтарын сынаған жамбылдық 28 оқушыға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20-жылдығы Грамотасы табысталды.
Жеңіске қол жеткізіп, облыс абыройын асқақтатқан оқушыларымыз:
I орын және алтын медаль иегерлері¬ – дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Кубейев Бауыржан (математика, 10 сынып), Лес Диас (физика, 10 сынып), Тұртемір Әділет және Тұрар Асланбек (биология, 10 сынып), Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Абитаева Айгерім (биология, 9 сынып), Құдайқұл Айнұр (қазақ тілі және әдебиеті, 10 сынып), ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Искандер Камиль (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 10 сынып) және Тараз қаласындағы №8 гимназияның оқушысы Джахангер Ақжан (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, 11 сынып);  
II орын және күміс медаль иегерлері¬ – дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Сейдахмет Нұрдәулет және Сырлыбай Мұсахан (химия, 9-10 сыныптар), Нохатбаев Данияр (биология, 9 сынып), Молдабай Дәмір (биология, 11 сынып), Тәкенов Диас (ағылшын тілі, 11 сынып), Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Тлеухан Ализа (биология, 10 сынып), Бекболатова Алина (құқық негіздер, 10 сынып), ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының  оқушылары Құрманжан Ержан және Ким Вячеслав (география, 10-11 сыныптар) және Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназияның оқушысы Байұзақ Аружан (қазақ тілі мен әдебиеті, 11 сынып), №1 гимназияның оқушысы Шарафутдинова Анель (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, 10 сынып), №7 гимназияның оқушысы Цвинтарная Екатерина (құқық негіздері, 10 сынып), сонымен қатар, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Ян Карина (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 11 сынып);
III орын және қола медаль иегерлері – дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Баққали Нұрсейіт (математика, 10 сынып), Айтымбетов Нұрмұхаммед, Жұмаділ Ринат, Есқали Ерлан (физика, 9-10 сыныптар), Қалмахан Нұрзат, Мұрат Қуаныш, Айтмахамбетов Әділжан, Жанысбай Бекзат (химия, 9,11 сыныптар), Жалалов Нурислам (биология, 9 сынып), Күреңше Нұрдәулет (информатика, 10 сынып), Бейсенбай Алинұр және Болыс Жарыс (ағылшын тілі, 10,11 сыныптар), Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының оқушылары Иланбай Аружан (физика, 10 сынып), Арапбаева Дариға (қазақ тіліне оқытатын мектептердегі орыс тілі, 10 сынып), Советханова Жания (Қазақстан тарихы, 10 сынып), ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-нтернатының оқушысы Несіпбай Дидар (география, 11 сынып), облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Шамшиева Сафина (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, 10 сынып), Тараз қаласындағы №40 гимназияның оқушылары Ратников Тимур (информатика, 9 сынып), Ханин Евгений (неміс тілі, 11 сынып), №45 гимназияның оқушылары Серікова Аружан (география, 9 сынып), Шатаева Айгерім (қазақ тілі мен әдебиеті, 10 сынып), Жақсылықова Гүлдана (неміс тілі, 11 сынып), №53 мектеп-гимназияның оқушысы Аршабек Малика (география, 11 сынып), №1 гимназияның оқушылары Абенова Аяулым (Қазақстан тарихы, 11 сынып), Тимофеева Дарья (орыс тілі мен әдебиеті, 11 сынып), №41 гимназияның оқушысы Айдаралиева Айжан (орыс тілі мен әдебиеті, 11 сынып), №5 мектеп-гимназия оқушысы Махамбет Аян (құқық негіздері, 11 сынып), №8 гимназияның оқушысы Азретқұлов Рамазан (құқық негіздері, 11 сынып) және Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназияның оқушысы Каримова Саера (орыс тілі мен әдебиеті, 10 сынып).