Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Мұражай сабақтары – өлкетану бастауы

2019 жылдың наурыз айында  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелері аудандық тарихи-өлкетану мұражайының  базасында Т.Аубакиров негізігі мектебінің 7 сынып оқушыларымен   география пәнінен  "Ауыл шаруашылығының ұйымдастырылуы, қолөнерінің дамуы және саяси географиялық жағдайы" тақырыбында  сабақтар өткізіліп,   сабақтарға 300 оқушы қамтылды.

Мұражайдағы жанды сабақ оқушыларға белгілі бір оқу жоспары бойынша білім алу немесе мектепте жинақталған білімді нығайту және тереңдету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мұражай объектісі білім алғаны үшін иллюстрациялар ретінде емес, білімнің қосымша дерек көздерінің тікелей көзі ретінде әрекет етеді. Мұражай коллекцияларымен танысу оқушылардың рухани әлемін эмоционалды түрде байытады. Тақырыпқа деген қызығушылық ақпараттың дербес ізденісіне барысында қалыптасады. Мұражай сабақтарының басты мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушылардың бойында өлкетанулық білімін дамыту болып табылады.

«Ханаталапай» интеллектуалдық республикалық байқауы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2019  жылдың 15 наурыз айында «Ханталапай» интеллектуалдық республикалық байқау өткізді. Облыстық кезеңнен жүлделі орынға ие болған Тараз қаласының №43 «Еркеназ» бөбекжай-бақшасының ұжымы республикаға  жолдама алып, «Ханаталапай» интеллектуалдық республикалық байқауында «Ең үздік бейнематериал» номинациясы бойынша І орынды иеленді. Педагогтарды жеңістерімен құттықтаймыз!

«Мектеп кітапханасында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану»  тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті

Іс-шараның мақсаты – жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыра отырып, қазіргі заман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыруды  жетілдіруге әдістемелік көмек көрсету.     Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2019 жылдың 15наурыз  күні Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп -лицейдің базасында  жалпы орта білім беретін мектептердің   кітапхана    қызметкерлеріне арналған  «Мектеп кітапханасында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану»  тақырыбында аймақтық семинар-практикум  өткізілді.  

Семинар-практикум барысында ReadX жобасы, пікір сайыстар, танымдық ойындар, шеберлік сыныптар көрсетіліп, іс-тәжірибелермен алмасты.

Аталған іс-шараға 42 білім қызметкерлері қатысты.

«Ағылшын тілі сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

2019  жылдың  19 наурыз  күні  облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Іс-шара барысында ағылшын тілі сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша педагогтардың құзырлылығын арттыру мәселелері туралы ой-пікірлермен бөлісті.

Аталған іс-шараға   303 педагог  қатысты.

«Мектепалды даярлық тобында жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті 

2019  жылдың  15 наурызында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданы, Абылай хан мектеп-лицейінің базасында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері, коучинг және тренингтер жүргізілді. Оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, кіріктіріліп оқытудың тиімді тәжірибелері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыс бойынша  48 педагог қамтылды.