«Качество знаний – главная задача обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 сәуір күні Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының базасында «Качество знаний – главная задача обновленного содержания образования» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Аталған іс-шараға 55 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында саралау тәсілдері, қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.