Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті

            2019 жылдың 30 қыркүйек күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді,     барлығы  335  педагог-психолог қатысты.

Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар  мектеп жасындағы жасөспірімдердің арасында ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мен психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері бойынша көптеген  жаңашыл идеяларымен  алмасып, кәсіби шеберліктерін көрсетті және электронды түрде таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.. 

Жетекші  мектептерге арналған  облыстық семинар-кеңес  өтті

2019 жылдың  27 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, жаңартылған  білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және ДББҰ  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін табысты тарататын Жетекші мектептерінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына  облыстық  семинар-кеңес  өткізді.          

         Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында өткен іс-шараға 43 педагог катысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығы жұмысының барлық циклын басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету,  серіктес мектептермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, жұмыс нәтижесін мониторингілеу және талдау жасау, «Теңбе-тең» қағидасы бойынша оқу өткізу үшін Жетекші мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру  жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

«2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұны аясында пәндерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2019 жылдың 19 қыркүйек күні негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шараға математика, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек, музыка пәндерінің мұғалімдері, барлығы 1951 педагог қатысты.

Онлайн семинарда педагогтарға 2019-2020 оқу жылында мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты, әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  пәндерді оқытудың ерекшелігіне, жаңартылған білім беру мазмұны аясында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың түрлері, жиынтық бағалауды жүргізудің жолдары, оқу үрдісіне жаңадан енгізілген «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінің оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесі туралы тұжырымдар талқыланды. Семинар барысында қолданылған әдістемелік, дидактикалық материалдар педагогтарға таратылып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.

Облыстық дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 25 қыркүйегінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында физика пәні мұғалімдеріне «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында  оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар  жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың  ерекшеліктерімен танысып, жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру жолдарымен бөлісті, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға  облыстың 36 педагогі қамтылды.

Қазақстан Республикасы  Конституциясы  күніне  арналған «Конституция - қоғам мен мемлекеттің жаңғыруының негізі» атты облыстық  дөңгелек үстел өтті

          2019 жылдың 27 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы  Конституциясы  күніне  арналған   «Конституция - қоғам мен  мемлекеттің  жаңғыруының негізі» тақырыбында                      Zhambil _OBL_Metod  бөлмесінде онлайн режимінде облыстық  дөңгелек үстел өткізілді.

  Облыстық  дөңгелек  үстелге  арнайы  ЖОО ғалымдары,  аудандар мен Тараз қаласының бiлiм беру бөлімдерінің мамандары, жалпы орта білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, тарих пәнінің мұғалімдері онлайн режимінде қосылып,  барлығы 2179 педагог қызметкер қатысты.