Үздік педагог - 2018 - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту


Негізгі кезеңде конкурстық комиссия мүшелері ұлағатты ұстаздардың портфолиосын (кәсіби құзыреттілігі мен республикадағы, облыстағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі, оқушылардың жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі,  педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалауы, отандық білім берудің заманауи тенденцияларын айқындайтын  шығармашылық жұмыстары, ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеттері, педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас деңгейі, білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейлері) және «Мен - қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында жазылған эсселерін бағалады. Сонымен қатар, 20 минуттық панорамалық сабақтарын тыңдап, сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеттерін анықтады.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпаздары республикалық ІІІ кезеңге жолдама алатын болады. Педагогтардың мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беру мақсатында республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан беру  ұйымдастырылып келеді.
Аталған құрметті атақты Жамбыл облысынан 23 педагог иеленген.