БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Алғысым шексіз сіздерге» атты облыстық фестиваль өтті

Жылдық жоспарға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 1 наурыз Алғыс айту күніне орай,  Жамбыл ауданы «Болашақ» бөбекжайының базасында фестиваль ұйымдастырды.

«Алғысым шексіз сіздерге» атты іс-шара мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының арасында өткізілд. Фестивальға 60 педагог қатысып, үздіктер анықталды.

«Жатақхана Life», «Ашық есік күні» өтті

2018 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті және Тараз қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесе отырып, мектеп-интернат тәрбиешілеріне психологиялық қызметтің бірлескен жұмыс жүйесіне тарту, ата-аналардың баламен өзара тығыз байланыста болуына қолайлы жағдай жасау арқылы қарым-қатынастық құзіреттілікті арттыру мақсатында «Жатақхана Life» «Ашық есік күні» атты семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум жұмысына білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, ата-аналар, барлығы 87 адам қатысты.

«БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ»

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні №30 мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері, барлығы 502 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізілді. Жиын соңында қатысушыларға электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында облыстық тренинг өтті

2018 жылдың 27 ақпан  күні жалпы білім беретін орта мектептердің педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында облыстық тренинг өтті.

Семинар жұмысына аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының психологтары, барлығы 70 педагог  қатысты. 

Сарысу ауданында әдістемелік десант өтті

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 21 ақпан күні М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, психолог), барлығы 144 педагог қатысты.