«ХХІ ғасырдың мамандықтары»
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 6 маусым күні 10 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасырдың мамандықтары» атты мультимедиялық фестиваль өткізді.
Фестиваль оқушылардың өмірдегі кәсіби орнын анықтау арқылы мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беру, шығармашыл дарынды оқушыларды айқындау мақсатында ұйымдастырылды.
Фестиваль қорытындысы бойынша Жуалы ауданы Б.Майлин атындағы орта мектебінің оқушысы А. Бихан І дәрежелі, Тараз қаласы № 48 орта мектебінің оқушысы Б. Тұрмаханов ІІ дәрежелі, Т. Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушысы А. Әбдібай және Тараз қаласы № 30 мектеп - гимназиясының оқушысы А. Қосыбаева ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Тараз қаласы №5 мектеп - гимназиясының оқушысы А. Сұлтанов, Сарысу ауданы Абай атындағы орта мектебінің оқушысы А. Ажимуханова, Әйтеке би атындағы орта мектебінің Н. Сайлаубай «Үздік презентация» номинацияларын иеленді.