«Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4 мамырында Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұны аясында оқытуды жоспарлауда оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдерді тиімді жолдарын анықтау арқылы әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, білім бөлімдерінің пәнге жауапты әдіскерлері, барлығы 52 педагог қатысты.
Семинар-практикум барысында пән мұғалімдері оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін бағалау критерийлері мен дискрипторды құрастыру барысында түрлі әдіс-тәсілдермен алмасты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тәжірибелік сабақтар өтілді.