БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

2022 жылдың 13 қазан күні білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, жасөспірімдердің психологиялық-әлеуметтік репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша, кибербулинг пен киберқылмыстың, қатыгездіктің алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне, тәрбие, құқық жұмысына жауапты әдіскерлеріне және психолог әдіскерлеріне арналған әдістемелік кеңес өткізілді, барлығы 43 әдіскер қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 қазан күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында репродуктивті денсаулықтың алдын алу бойынша жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Қордай ауданының педагог-психологтары Абуева Меруерт Серікбайқызы, Базарбаева Гулира Касымалиевна, Тұрғынбаева Зульфия Әбдімомынқызы және Бошаева Гүлзада Сәрсебайқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Тарих пәнінен оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 6 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының тарих пәні мұғалімдеріне пән бойынша оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, контекстік тапсырмалар мен олардың түрлері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға барлығы 127 педагог қатысты.

«Особенности уровневого обучения русскому языку в школах с нерусским языком обучения»
тақырыбында облыстық вебинар өтті
2022 жылдың 7 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтіп, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілін деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері, тәсілдері мен принциптері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 7 қазан күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 87 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында сандық білім беру платформасының ерекшеліктері, кері байланыс жасауда сандық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, тәжірибе бөлісті.