БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» атты облыстық семинар-практикум өтті

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 ақпан күні  «Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәжірибе және мүмкіндіктер» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының базасында өтті.

Іс-шара барысында функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма түрлерімен жұмыс, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау, білім берудің сапасын арттыруда, тілдік дағдыларды  меңгертуде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңыздылығы туралы айтылды. Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып кестелермен жұмыс, тірек-сызбаларды қолдану, тест тапсырмаларымен жұмыс түрлері көрсетілді.

Педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру  жолдары бойынша тәжірибе алмасты. 

Облыстық семинар-практикумға 157 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға тәжірибелік семинар өтті

      2024 жылдың 13 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі химия, биология пәндерінің мұғалімдері «Химия пәнінен жаратылыстану сауаттылығын арттыруда PISA халықаралық зерттеуіндегі тапсырмаларының маңыздылығы», «ББЖМ-ға дайындау барысында биология пәнінің тапсырмаларын тиімді орындау жолдары», «Биология пәнінен жаратылыстану сауаттылығын арттыру бойынша зерттеуде кездесетін тапсырмаларды шешу тәсілдері» тақырыптарында жас мамандарға тәжірибелік семинар өтті.

    Семинар барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын, білім сапасын арттыру бойынша онлайн платформаларды қолданудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ББЖМ-да кездесетін «Нәруыз», «Онтогенез», «Қан тамырлар жүйесі» тақырыптарындағы орташа және жоғары қиындық деңгейіндегі тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, ұсынымдар, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті.  

    Аталған іс-шараға облыстың 43 педагогі қатысты.

 

Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетілді
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 5 ақпан күні мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Мойынқұм ауданы «Балдәурен», Шу ауданы «Бәйтерек», Т.Рысқұлов ауданы «Ер Төстік», «Балапан», Меркі ауданы «Балауса», «Бөбек» бөбекжай-бақшаларының әкімшілігіне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтердің бейінін сәйкестендіру мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі ұйымның жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес толтырылуын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру жолдары, мониторингтің жүргізілу барысы, өзін-өзі бағалауы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Меркі ауданындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы» туралы семинар-кеңес өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 ақпан күні "Меркі ауданындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы" тақырыбында семинар- кеңес өтті.

         Іс-шараға облыстағы эксперименттік алаң басшылары,  эксперимент жұмысына  жауапты  педагогтер мен ғылыми жетекшілері, барлығы 48 қызметкер қатысты.

       Семинар барысында Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы  №9 мектеп-лицейдің басшысы Қойшыманова Нуриля Сейсембайқызы «Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары», Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясының басшысы Қоңқабаев Ниетқали Әбдімомынұлы «Мектеп-гимназия жағдайында дарынды балалардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыптарындағы эксперименттердің тәжірибелік кезеніндегі атқарылып жатқан  жұмыстар туралы цифрлық презентациялар жасады.

          Семинар-кеңес барысында аталған білім ұйымдарындағы оқу, тәрбие, қосымша білім беру үдерістеріндегі еңгізілген өзгерістер, олардың тиімділігі туралы рефлексия жүргізілді.

             Семинардың рефлексивтік бөлімінде эксперименталдық алаңдардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Алдағы уақытта облыстағы 14 эксперименталдық алаң жұмыстары ағымды сараптамалық қорытытындылары ақпан-наурыз айларында қаралу жоспарлануды.

        Семинар-кеңес қорытындысы бойынша  Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы №9 мектеп-лицейінде «Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың  ұйымдастыру-педагогикалық шарттары», Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясында «Мектеп-гимназия жағдайында дарынды балалардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыптар бойынша жүргізіліп жатқан педагогикалық эксперименттердің жұмыстары өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинар, экофорум, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция форматында жинақталып,  трансляциялау туралы шешім қабылданды.

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТЫ ҰСТАЗ» облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті.

2024 жылдың 12 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиадаға облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 14 жас маман қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар «Педагогикалық дебют» (өзін-өзі таныстыру) және «Менің педагогикалық инновациям» тақырыбында TED форматта педагогикалық идеяларын қорғады.
Нәтижесінде 8 педагог жүлделі орындарға ие болды.
І орынды Жамбыл ауданы, Амангелді орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Е.Сейділдаев;
ІІ орындарды Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) математика пәнінің мұғалімі Т.Қожахмет, Шу ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Даулетәлі, облыстық дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Пиржанова;
ІІІ орындарды Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Қайырбек, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Акилбаева, Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Жайма, облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі В.Қали, «Жаңашыл ұстаз» номинациясын Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Б.Сапарбаев, «Креативті ұстаз» номинациясын Қордай ауданы, Б.Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Е.Әскенұлы, «Талантты ұстаз» номинациясын Талас ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі М.Асанов,«Шығармашыл ұстаз» номинациясын облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Алишерова, «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын Тараз қаласы, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі М.Арғынбеков, «Талапты ұстаз» номинациясын Сарысу ауданы, Арыстанды орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Жүсіпбаева иеленді.