«Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

 2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтерге «Cамғау» жобасының өзектілігі мен перспективалары, пәнді оқыту ерекшеліктері, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен сабақты жоспарлау мен дайындау кезеңдері, тапсырмаларды әзірлеу, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың жолдары мен түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.

Іс-шараға тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 134 педагог қатысты.