«Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті

   2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті.   

Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 110 педагог қатысты.