«Химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 3 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында педагогтерге химия сабағында түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастыру жолдары туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, күрделі тапсырмалардың жаңа үлгілері таныстырылды. Қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, химия пәнінің мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.