МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 3 сәуір күні мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне, барлығы 220 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жұмыстары және мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.