Облыстық семинар өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 сәуір күні ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік өзіндік таным қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығы, қалыптасуы мен даму дағдыларын, ортаға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ойын моделін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шарада педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар, балалардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі, түзете- дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, нейросенсорика жаттығулары арқылы коммуникативті дағдыларды дамыту, заттық іс-әрекет арқылы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, баланың дамуы мен таным қабілеттерін арттыру әдістемелері бойынша тәжірибе алмасты.