«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика, география пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға шеберлік сынып өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика, география пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға шеберлік сынып өтті

2024 жылдың 18 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика, география пәнінің мұғалімдері «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «География пәнінен жаратылыстану сауаттылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыптарында шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ҰБТ-ға дайындаудың және онлайн платформаларды қолдану арқылы тапсырмалардың тиімді жолдары мен тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Дидактикалық материалдардың электронды нұсқасы таратылды. Аталған іс-шараға облыстан 87 педагог қатысты.