Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27-28 қыркүйек күні облыстағы озық тәжірибелі мектепке дейінгі ұйымдардың іс-тәжірибесімен танысу мақсатында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақша өкілдерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Тараз қаласы, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының, Жамбыл ауданы, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының және «Нұр Әлім» жекеменшік бөбекжай-бақшасының, Меркі ауданы, «Балдырған», «Ер Төстік» бөбекжай-бақшаларының ұжымымен кездесіп жұмыс барысымен танысты.
Іс-шараға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі тәрбие саласына жауапты білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 115 педагог қатысты.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету, оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу үдерісінің тиімділігі бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік көмек ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 мамырында Қордай ауданы, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында «Мектеп тәжірибесіндегі LS: зерттеу, талдау, нәтиже» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.
Тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 70 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің тәжірибесіндегі LS зерттеудің нәтижесі, негізгі пәндердің оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу АR үдерісінің тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

ҚОРДАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

2023 жылдың 7 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Қордай ауданының Міржақып Дулатұлы атындағы (№13), Бұлар Батыр атындағы (№19), Мұхтар Әуезов атындағы (№24) орта мектептерінің әкімшілігі мен педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтердің бейінін сәйкестендіру мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша өзін-өзі бағалауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты компоненттің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» оқу курстары мазмұнының орындалуы, «Күнделік» журналының талапқа сай толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

«География пәнінен олимпиадалық есептердің шығарылу жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 7 сәуір күні «Geo Vorld» жобасы аясында «География пәнінен олимпиадалық есептердің шығарылу жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында география пәнінен оқушыларды олимпиадалық есептердің шығарылу жолдарына қойылатын талаптар мен әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығарудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 41 педагог қатысты.

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ӨТТІ

2023 жылдың 7 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қордай ауданының педагогтері үшін «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Іс-шараға мектеп директорлары, директордың оқу ісі, ғылыми-әдістемелік, жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық сынып, бастауыш сынып, математика, физика пәндерінің мұғалімдері, барлығы 279 педагог қатысты.
Әдістемелік десант барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ-2022) нәтижелері, мемлекеттік аттестаттаудан өту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, білім сапасын қамтамасыз етудегі мектепішілік бақылау, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары, бастауыш мектеп пен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен білім сапасына әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша тиімді ақпараттық-әдістемелік көмектер берді.
Қатысушыларға қажетті материалдардың электронды нұсқалары таратылды.