Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

    2024 жылдың 19 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында  «Білім берудегі ізденіс және инновациялық тәжірибе» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

   Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ҰБТ-да, ББЖМ-де кездесетін әртүрлі мән-мәтіндегі тапсырмалар мен мәселелерді шешудің тиімді жолдары, математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты, әдістемелік көмек көрсетілді.

  Аталған іс-шараға облыстан 85 жас маман қатысты.

 

«СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақтар циклы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 ақпан күні «СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті.
Іс-шараның теориялық бөлімінде химия пәнін оқытуда заманауи әдістемелер мен білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары талқыланды. Бөлімде Тараз қаласы, №13 орта мектебінің базасында химия пәнінің мұғалімдері 8-10 сынып оқушыларымен «Растворение веществ в воде. Лабораторный опыт №5 «Изучение растворимости веществ» /8 сынып/, «Фосфор и его соединения», «Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері» /9-сынып/, «ІІ-топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері» /10-сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Тәжірибелік бөлімде ҰБТ-да кездесетін күрделі есептердің шығару жолдары мен жаңа форматтағы сұрақтары талқыланды.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға 37 педагог қатысты.

«Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2023 жылдың 20 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында «Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинары өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 217 педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік аттестациядан өтетін және «1000 мектеп» жобасына енген жалпы орта білім беретін мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері білім беру жүйесіндегі жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі, сабақты жоспарлау және мұғалімнің дайындалу кезеңдері, табысты сабақ жоспарының критерийлері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

"Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары"
тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 252 педагог қатысты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Т.Тоқтаров атындағы, Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназияның, № 3 орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Құқықтық – сауатты мектеп", "Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі","Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", "Отбасындағы - құқықтық мәдениеттің маңызы" тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы, құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

ТАЛАС, САРЫСУ, ШУ АУДАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Талас, Сарысу, Шу аудандарының және Тараз қаласының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 460 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.