Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

                                        Облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 4 қазан күні «Бастауыш білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өткізді.
Аталған іс-шараға Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері және бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 319 педагог қатысты.
Облыстық вебинар қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес 2-қосымша «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», бастауыш білім беру бағдарламаларының құрылымы мен басымдықтары, пәндер бойынша БЖБ, ТЖБ жүргізу тәртібі, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру барысында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» мен «Жолда жүру ережелері» курстарын іске асыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

                                          Облыстық шеберлік сынып өтті

2022 жылдың 4 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана жұмысы: жаңа ізденіс, жаңа талап. Мектеп кітапханасында өткізілетін көпшілік жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру әдістері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті.
Аталған іс-шара жаңадан тағайындалған кітапхана қызметкерлері үшін білім беру мекемелері кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру, заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шараға 72 кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

            2021 жылдың 19 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, И.Трубицын  атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлованың  «Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Н.Бектіғұлова «Ұстаз – ұлы есім»  бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы, тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдары мен тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың басты ұстанымдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 110 педагог қатысты.

«Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті.

            2021 жылдың 23 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің математика пәнінің бірлестік жетекшілері мен мұғалімдеріне арналған «Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

          Вебинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны аясында математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру.

          Іс шара барысында әдістемелік пән бірлестіктің жұмысы, мазмұны, міндеттері, шығармашылық топтың жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары және оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша тиімді ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.       

Аталған іс-шараға облыстың 176 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.                                                           

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2021 жылдың 24 ақпанында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс - білім алушыларды қорытынды аттестаттау емтиханының сипаттамалары мен талаптарын меңгерту мақсатында «9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті                   (Т1, Т2) пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

 Іс-шара барысында Білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарын дайындау кезеңдері (пәндер бойынша тест спецификацияларына шолу, емтихан материалдарына қойылатын талаптар, емтихан материалдарының мазмұны, бағалау міндеттері, балдардың үлестірілуі, емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі, тапсырма түрлерімен(ашық және жабық типті тапсырмалар) танысып,  тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды.

    Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 284 педагог қатысты.