Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

Үздіксіз даму шеберханасымен» таныстыру мақсатында облыстық семинар өтті

2023 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогі - 2020» байқауының номинанты, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмаханова Айгүл Базарбайқызының «Үздіксіз даму шеберханасымен» таныстыру мақсатында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында Айгүл Базарбайқызы «Мақсат – қадам - жетістік» жобасымен таныстырып, «Ішкі уәж: оқушы үлгерімін жақсарту факторы» тақырыбында коучинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 28 педагог қатысты.

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

2023 жылдың 6 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Мойынқұм ауданының Қашқантеңіз, С.Сейфуллин атындағы, Ағыбай батыр атындағы, Қ.Сәтпаев атындағы, К.Қасымов, Мыңарал, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері мен "Қуаныш", "Ақбөпе" бөбекжай-бақшаларының әкімшілігі мен педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтердің бейінін сәйкестендіру мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша өзін-өзі бағалауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты компоненттің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» оқу курстары мазмұнының орындалуы, «Күнделік» журналының талапқа сай толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын жүзеге асырып, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпшілікке танытуда.
2023 жылдың 3 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерованың қатысуымен жас педагогтердің кәсіби қызметін қолдап, тәжірибелі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал ету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының директоры және үздік педагогтерімен кездесу өтті. Бұл мектеп- үздік ұстаздар ұстаханасы. Себебі, мектептің 6 бірдей ұстазы - «Үздік педагог» атағының иегерлері. Олар: М.Талқанбаев, Б.Дүйсенбаев, Н.Қиялбеков, С.Айдарбекова, Ж.Досыбаев, Н.Давлетбаев.
Ұстаздың басты міндеті – сапалы білім беру. Осы жолда қалтқысыз еңбек етіп, шығармашылық ізденісте жүрген мұғалімдер жеңістерге жол бастайды. Жиын барысында педагогтермен «1+10» тәлімгерлік жобасы, «SABAKTIME» жобасын жүзеге асыру жолдары, үздіктердің мақсат-міндеттері мен алға қойған жоспарлары талқыланды.

«Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында
облыстық тәжірибелік-семинар өтті

2023 жылдың 6 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында облыстық тәжірибелік - семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 100-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының №1 мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ишматова "Мектептегі буллинг және оның алдын алу", Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Аманжол "Қазіргі кезеңдегі кибербуллингтің алдын алу мәселелері", Ақтоған орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турманбетова «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік-семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың, кибербуллинг пен буллингтің алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында «Өрлеу» БАҰО білім саласының қызметкерлері үшін «Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім, техникалық кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың педагогтерінің күнделікті педагогикалық қызметінде Action Restarch, Lesson Study, Learnin study-ді қолдану теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында арнайы курс өткізген болатын.
Аталған курсқа қатысқан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшілеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» басшысы С.С.Құрманбекова «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы А.З.Мухаметжанованың атынан курсты оқып бітіргені туралы куәліктерін тапсырды.
Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» басшысы С.С.Құрманбековамен бірге алдағы уақытта педагогтерге әдістемелік қолдау бойынша атқарылатын бірлескен жұмыстар да талқыланды.