«Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 5 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 157 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.