«СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақтар циклы өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

«СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақтар циклы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 ақпан күні «СабақTime» жобасы аясында «Химия сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті.
Іс-шараның теориялық бөлімінде химия пәнін оқытуда заманауи әдістемелер мен білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары талқыланды. Бөлімде Тараз қаласы, №13 орта мектебінің базасында химия пәнінің мұғалімдері 8-10 сынып оқушыларымен «Растворение веществ в воде. Лабораторный опыт №5 «Изучение растворимости веществ» /8 сынып/, «Фосфор и его соединения», «Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері» /9-сынып/, «ІІ-топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері» /10-сынып/ тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Тәжірибелік бөлімде ҰБТ-да кездесетін күрделі есептердің шығару жолдары мен жаңа форматтағы сұрақтары талқыланды.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға 37 педагог қатысты.