Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

"Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары"
тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 252 педагог қатысты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Т.Тоқтаров атындағы, Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназияның, № 3 орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Құқықтық – сауатты мектеп", "Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі","Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", "Отбасындағы - құқықтық мәдениеттің маңызы" тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы, құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.