Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

«Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2023 жылдың 20 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында «Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинары өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 217 педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік аттестациядан өтетін және «1000 мектеп» жобасына енген жалпы орта білім беретін мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері білім беру жүйесіндегі жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі, сабақты жоспарлау және мұғалімнің дайындалу кезеңдері, табысты сабақ жоспарының критерийлері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.