Мемлекеттік аттестациядан өтетін Мойынқұм ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебіне «Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
2023 жылдың 24 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Облыстық семинар барысында «Жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда 2022 жылғы 21 қараша айының №467 бұйрығымен бекітілгендігін, 10-11 сыныптарда 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүргізілетіндігін ескере келе, сыныптар бойынша әр бөлімнің (юниттің) сағат санындағы өзгерістерге, бағдарлама бойынша әр сыныптың тақырыптарына талдаулар жасалды. «Жаһандық құзыреттер» курсын жүргізетін педагогтердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарынан курстан өту қажеттілігіне тоқталып, ақпараттық материалдарды ұсынды.