БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнін оқытудың әдістемесі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптар өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы, оқу мақсатына қол жеткізу үшін қолданатын тиімді әдістердің жолдары көрсетіліп, әдістемелік консультациялар берілді.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambіl_Оbl_Мetod бөлмесінде «Химия сабақтарындағы химиялық эксперименттің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы маңызы» тақырыбында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өткізілді. Іс-шара барысында электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері өздігінен жұмыс жасау тәсілдері, ҰБТ, ОЖСБ, PISA, TIMSS тапсырмаларын орындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мәліметтер беріліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.

Аталған іс-шараға облыстың  174 педагогі қамтылды.

Т.Рысқұлов ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 26 ақпан күні Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі мен «Балапан» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 576 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

VI облыстық «Ақберен» білім және өнер байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазудағы талантын, тапқырлық қырын, дарынын таныту мақсатында 2019 жылдың 26 ақпанында 8-11 сынып оқушылары арасында VI облыстық «Ақберен» білім және өнер байқауы өткізілді.

 «Ақберен» білім және өнер байқауының ІІ кезеңіне облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен                72 оқушы қатысты.

Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:  шешендік, білгірлік сайысы;  көркемсөз оқу;  эссе жазу; ұлттық аспапта өнер көрсету;   ақындар айтысы; ақындар мүшәйрасы.     Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттармен  марапатталды.

Байқаудың республикалық кезеңі 2019 жылдың 11-13 наурыз күндері                 Ақтау қаласында өтеді. Байқауға 6 номинация бойынша облыстық байқауда жүлдегер атанған     6 оқушыдан және 1 жетекшіден құралған команда қатысады.

Меркі ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 26 ақпан күні Меркі ауданындағы В.Савва атындағы №9 орта мектебінің, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 568 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.