«Мектепалды даярлық тобында жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
2019 жылдың 15 наурызында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданы, Абылай хан мектеп-лицейінің базасында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері, коучинг және тренингтер жүргізілді. Оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, кіріктіріліп оқытудың тиімді тәжірибелері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыс бойынша 48 педагог қамтылды.