БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасында  ұстаздарымыз  III орынды  иеленіп  жеңімпаз атанды

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17-18 сәуір күндері Ақтау қаласында математика  пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

 Олимпиаданың мақсаты- педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық». Әрбір кезең барлық тапсырмалардың ұжымдық жазбаша шешімінен тұрды.

 Республика бойынша жалпы 19 команда қатысып, жүлделі 1- орынды РФМШ, 2- орындарды Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орындарды Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облысының командалары иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздан қатысқан командалық есепте III-орынды иеленген жеңімпаздарымызды атап айтсақ:

- Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы;

- Тараз қаласы  №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы;

- Тараз қаласы Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні Қайырбай Сұлтанғазы Құрманғазыұлы;

- Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдураимов Жайлыбай.

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Мұражайда өткен сабақтар – өлкетану бастауы

2019 жылдың сәуір айында Тараз қаласының мектептерінен  5,6,7 сыныптар бойынша Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, география пәндерінен жылдық оқу бағдарламасының  5 сағаты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) 37 мектептен 93 сабақ өткізіліп 1800 оқушы қамтылды.  

Аталған пәндердің 48 сабағы «Көне Тараз»-археологиялық мұражайы мен  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, 14 сабақ М.Әуезов атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай Құнанбаев,  Шоқан Уалиханов Д.Қонаев кітапханалары мен Баласағұн мәдениет үйімен, Бауыржантану орталығында  өткізілді. Сонымен қатар 26 сабақ тарихи ғимараттарда (Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Жамбыл,  Б.Момышұлы ескеркіші, «Төрткөл» керуен сарайы, Керей Жәнібек ескерткіші), 5 сабақ қалалық метериологиялық орталық пен  орталық саябақтарда және картинка галереясында өткізілді.

Тарихи орындар мен мұражай сабақтары барысында  оқушылар  өлкесін жаққыннан тануға мүмкіндік алды, сондай-ақ мұражай экспонаттарымен танысу балалардың тарихи-өлкетануына, оның табиғаты мен  мәдениетін  тереңінен дамытуға әсерін тигізді. Ұлттық  мұра-мұрағаттарды, жәдігерлер көру арқылы рухани құндылықтарды қадірлеуге, отансүйгіштік,  адамгершілік  сияқты  баға  жетпес  құндылықтарды қалыптастырып, өз туған жерінің табиғатын қадірлеу қасиеттерін дамытады.

"ОТАНЫМА ДЕГЕН МЕНІҢ БАСТАМАМ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ   ОБЛЫСТЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЖОБАЛАР  БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 2019 жылдың  16   сәуір күні  облыстық  оқу-әдістемелік  кабинетінің   ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары  арасында  дарынды  балаларды  анықтау,   оқушылардың   бастамаларын   дамытуға   ықпал  ету мақсатында  "Отаныма  деген  менің  бастамам"  тақырыбында    облыстық    шығармашылық   жобалар   байқауы өткізіледі.  Байқауға жалпы 18 мектеп оқушыларының  жұмысы  қабылданды. Байқауға барлығы  20  оқушы  қатысты.

Байқау   "Өз  жылуыңмен  бөліс", "Туған  қалаға-игілікті  істер", "Мен  Қазақстанның    азаматымын", "Медиа   жобалар", "Менің  кіші  Отаным", "Қазақстанның  жеті  кереметі", "Қазақстанның    100 жаңа  есімі",  "Жаңғырту  полюсі",  "Киіз   үй-ғаламның    моделі"  номинациялар  бойынша   өткізілді, әлеуметтік мәселелерге және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамытуға  мүмкіндік берді.

Байқау  жеңімпаздары  арнайы  дипломдармен  марапатталды.

«Бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 17 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру мақсатында негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (физика, география), барлығы 1232  педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында бастауыш сыныптардағы білім сапасы мен қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

 «Туған өлкенің визит карточкасы»  тақырыбында  онлайн  режимінде  семинар  өткізілді.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  жалпы орта білім беретін мектептерде  «Өлкетану»,  «Туған өлке тарихы» таңдау курстары бойынша 2019 жылдың 15 сәуір күні «Туған өлкенің визит карточкасы»  тақырыбында  онлайн  режимінде  семинар  өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты туған елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу,  оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, туған өлкенің   археологиялық ескерткіштерімен таныстыра отырып, креативті ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.