БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Жамбыл облысында «TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының негізгі халықаралық зерттеуі» басталды.

Қазақстанда 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында  3 сәуір мен 15 мамыр аралығында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі өткізілуде.  Бұл зерттеуге әлем бойынша 64 мемлекет қатысуда. Ал Қазақстан бойынша 176 мектеп қатысады. Оның ішінде TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуіне Жамбыл облысынан 17 білім мекемесінен 828 (4 сын. – 411,   8 сын. – 417) оқушы қатысады.

26 сәуір күні Жамбыл облысындағы зерттеуді Тараз қаласындағы №24, №12 гимназиялар бастады. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар және 4 сыныптың ата-аналарынан сауалнамалар алынды.  

«Качество знаний – главная задача обновленного содержания образования» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 сәуір күні  Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының  базасында  «Качество знаний – главная задача обновленного содержания образования» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған облыстық семинар-практикум өтті.

  Аталған  іс-шараға  55  педагог  қатысты.

  Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында саралау тәсілдері,  қалыптастырушы  бағалау  мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің  рефлексиясы  бойынша   жұмыс түрлері  бойынша  тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Білім беру ұйымдарында суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын  нәтижеге бағыттау жолдары»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті

            2019 жылдың 23 сәуір күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында  «Білім беру ұйымдарында суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын нәтижеге бағыттау жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді,     барлығы  312  педагог-психолог қатысты.

Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар  мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметті, әсіресе күйзеліс, қажу отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, қоғамдық өмірде кездесетін зорлық зомбылық, бәскелестік, оқушылардың суицидтік мінез-құлық мәселелері оның алдын алу  жұмыстарын ұйымдастыру жолдары туралы айтылды және электронды түрде таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Жасөспірімдер арасында құқық бүзушылықтың алдын-алу»  тақырыбында облыстық онлайн   семинар өтті.

2019  жылдың  24 сәуір күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп директорының  құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған  «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу»  тақырыбында  облыстық онлайн   семинар өткізілді. Семинарға барлығы 210  мектеп директорының  құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізу мақсатында «Мәңгілік ел» - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі»  атты  облыстық шеберлік сынып өтті

2019  жылдың  23 сәуір күні  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің базасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізген жетекші мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына  арналған «Мәңгілік ел» - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі»  атты  облыстық шеберлік сынып өткізілді, барлығы 43 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

Іс-шара барысында Тараз қаласы  физика – математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып жұмыс жасайтын 40 жетекші мектептердің, оның ішінде 5 жетекші мектеп іс тәжірибесімен бөлісті.