«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті
2021 жылдың 18 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тәжірбиелі мұғалімі Бекбаева Гулим Кисенбаевна «PhET интерактивті модельдеу» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.
Іс-шара барысында интерактивті модельдеу әдісі бойынша, PhET вебсайтын қолдануды меңгерудің әдіс тәсілдерінің түрлі жолдарын көрсетті. Аталған іс-шараға облыстың 96 биология пәнінің мұғалімдері қатысты