"Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" атты онлайн вебинар өтті
2021 жылдың 2 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған "Пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі), Жамбыл (№1 орта мектебі), Жуалы (№19, №29 орта мектептер), Қордай (№27, №43 орта мектептер), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептер), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы орта мектептер), Талас (А.Пушкин атындағы орта мектебі) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 орта мектептер) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті. Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 59 педагог қатысты.
Іс-шара барысында шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру, жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі, пәнді оқытудың ерекшеліктері, пәнді оқытуда оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары бойынша мәселелер талқыланды.