«География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 ақпан күні «География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық шеберлік сыныбы өтті.
Меркі ауданы №44 орта мектебінің география пәні мұғалімі Г.Найзабекова «География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін белсендіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Үздік тәжірибе – оқу-тәрбие үрдісіне», «Мұғалімнің шығармашылығы» тақырыптарында іс – тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға барлығы 198 педагог қатысты.