Мектепалды даярлық сынып педагогтері үшін облыстық онлайн вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 24 ақпан күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Педагогтің көшбасшылығы және педагогикалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында педагог пен тәрбиеленушінің педагогикалық үрдістегі өзара белсенділігі және педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға облыстың 171 педагогі қамтылды.