Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 4 наурызында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.
Іс-шара барысында Қордай ауданы №2 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері әдістемелік бірлестік жұмысын жаңа форматта тиімді ұйымдастыру жолдарын, сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі-Lesson Study бойынша жүргізілген циклдардың нәтижесі, іс-әрекетті зерттеудің жалпы үдерісі мен мақсаттары, жаңартылған білім беру жағдайында дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың нәтижесімен, бірлестік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.
Облыстық онлайн кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 224 педагог қатысты.