БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың                 12 наурыз күні Жетекші мектептердің пән мұғалімдеріне арналған  «Серіктес мектептерге оқу процесінде критериалды бағалауды енгізуге қолдау көрсету»  тақырыбында тренинг өткізді. Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға  193 педагог қатысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары қашықтан білім беру жағдайында оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, төңкерілген оқыту әдісі бойынша тәжірибе алмасты. 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 наурыз күні білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Арттерапия негіздері: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.  Аталған іс-шараға барлығы  128 педагог қатысты.

        Іс-шара барысында арт-терапия негіздері тұлғаның креативтілігін, жеке өсуін дамыта отырып, оның шығармашылық белсенділігін пайдаланатын психотерапиялық және психокоррекциялық әдістері мен техникалары талқыланды.                                                                 

«Тарих пәнінен оқушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың 11 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнінен оқушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне білім алушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары мен бағалау, тест түрлері, нәтижелерін талдау түрлерін ұсыну, тәжірибе алмасу.

Облыстық вебинар барысында педагогтарға тарих пәнінен тест спецификациясы, тест түрлері, хронологиямен жұмыс, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен кездесетін мәтіндік сұрақтар, дереккөздер, терминдермен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды. Вебинар педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              147 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 158 педагог қатысты.

«Мектепте сабақты зерттеу (Lesson study) әдістері: тәжірибе және нәтиже»    тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  11 наурыз  күні «Мектепте сабақты зерттеу (Lesson study) әдістері: тәжірибе және нәтиже»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға  201  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география сабағында рольдегі оқушылар әдісі арқылы білім сапасы мен оқу  үдерісін  дамытудың  тиімділігін,  А,В,С деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін бақылау арқылы зерттеу сұрағын таңдап оған деректер жинау арқылы, тәжірибе мен нәтижеге бағыттау жолдары  көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік  көмек көрсетіліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.

 

ПІКІР АЛМАСУ АЛАҢЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, НЗМ тәжірибесін трансляциялайтын облыстағы жетекші мектептер арасында пікір алмасу алаңын өткізді.

Іс-шара барысында  жетекші мектептердің  өзін-өзі бағалауы, сабақтағы іс-әрекетті зерттеуі, білім алушының өзін-өзі дамытуда өз бетінше жұмыстарды ұтымды пайдалануы, дебат оқушылардың қозғалыс клубын дамытуы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы,  оқушының даму траекториясын дамытуы, білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.