БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинеті 2021 жылдың 25 наурыз  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында Байзақ  ауданы, Ғ.Мұратбаев  атындағы гимназияның, №1 мектеп-гимназияның,  Бурыл, Н.Ақшабаев  атындағы орта  мектептерінің  озық іс-тәжірибелері  таратылды «Қашықтықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  117 педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 наурыз күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен  жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға                      124 педагог қатысты.

Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында 2019 жылдың  VІІІ  Республикалық «Жылдың үздік психологі» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Ускенбаева және                                ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының  жеңімпазы, Сарысу ауданы,  Ы.Сүлейменов атындағы  орта мектебінің педагог-психологі                                                                                   Б.Жақсыпейілова  іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

         

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   2021 жылдың 19 наурыз күні білім беру ұйымдарының директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Жеткіншектер арасында девиантты мінез-құлықтың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық себептерін алдын алу және түзету жолдары»  тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.  Аталған іс-шараға барлығы  117 педагог қатысты.

       Іс-шара барысында құқықтық тәрбие бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша және жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктеріне қажетті психологиялық көмек көрсету барысында бірқатар сұрақтарға жауап алып, тақырып аясында пікір алмасты.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 19 наурыз  күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикум барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара сабақтары мен шеберлік сыныптарымен бөлісті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 97 педагог қатысты.

«Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

            2021 жылдың 19 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, И.Трубицын  атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлованың  «Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Н.Бектіғұлова «Ұстаз – ұлы есім»  бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы, тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдары мен тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың басты ұстанымдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 110 педагог қатысты.