БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

 «Математикалық регата» атты олимпиада өтті

        2021 жылдың 31 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің арасында «Математикалық регата» атты облыстық олимпиада өтті.                                                                  

       Педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға облыстың математика пәнінен сабақ беретін 18 мұғалім қатысты. Олимпиаданың 4 кезеңінде 2 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық), жалпы 8 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде І орынды облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Е.Губайдуллин, ІІ орынды облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің мұғалімі Ю.Базилева, Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі А.Сауханов, ІІІ орынды Байзақ ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы гимназияның мұғалімі Б. Усенова, облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Г. Шигланова, Тараз қаласы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның мұғалімі Д. Естаев, Мойынқұм ауданы Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі Б.Қалдарбеков иеленді.           Педагогтарды  жеңісімен  құттықтаймыз !

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» Конкурсының өткізілу тәртібі туралы онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 31 наурыз күні «Орта білім беретін үздік ұйым»  байқауына қатысушы  аудандар мен Тараз қалалық  білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлеріне  арналған  «Орта білім беретін үздік ұйым байқауына қатысу критерийлері мен талаптары» атты облыстық онлайн семинарын өткізді.

Онлайн семинарда «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы  грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі туралы  жауапты әдіскерлерге ақпараттық-әдістемелік  көмек берілді.

«Семей полигонының жабылуына 30 жыл» тақырыбында   бірыңғай сынып сағаттары өтті

              2021 жылдың   1-30 наурыз   күндері  білім  беру ұйымдарының кітапханаларында «Семей полигонының жабылуына 30 жыл» атты бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.

  Іс шараның мақсаты - оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ,  ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптары туралы мәліметтер беру.  

         Аталған іс шараға барлығы 442 мектептің оқушылары қамтылды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 31 наурыз күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға                      96  педагог қатысты.

          Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

          Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған  шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Д.Смайлова және VІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2018» байқауының  жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы,  А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің педагог-психологі                                                                                    Г.Қырықбаева   іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

         

 Мектепалды даярлық сынып педагогтері үшін  облыстық онлайн семинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 30 наурыз күні мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Ойын іс-әрекеттері арқылы мектепалды даярлық сыныптағы балалардың интеллектуалды дамуын қалыптастыру» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен білім беру процесін  ұйымдастырудың ерекшеліктерін жетілдіру және балалардың интеллектуалдық және креативтік қабілеттерін дамыту жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  118 педагогі қамтылды.