БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 9 сәуір күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2016» байқауының жеңімпазы, Шу ауданы, М.Мақатаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі А.Е.Баетованың «География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  сыныбы өткізілді.

Іс-шара барысында А.Е.Баетова «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы, электрондық портфолиосының мазмұны мен «География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» атты шығармашылық  тақырыбындағы жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқушының пәнді терең түсіну қабілеті мен жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыта отырып, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуі және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру жолдарын көрсетті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 152 педагог қатысты.

  

 

«Қазақстандағы ғарыш саласы: даму жағдайы мен болашағы» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық дөңгелек үстел өтті

       2021 жылдың 8 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде  Ғарышкерлер күніне орай «Қазақстандағы ғарыш саласы: даму жағдайы мен болашағы» тақырыбында облыстық өңгелек үстел өтті.

  Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақстанның ғарыш саласының даму болашағы мен ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерін насихаттау.

Іс-шара барысында Алматы қаласы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зернов Дмитрий Юрьевич, Алматы қаласы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің ғарыштық мониторингі» АҚ «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» зертханасының меңгерушісі Бекмухамедов Нұрлан Еркінұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Физика және IT» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Мусабеков Ескермес Сәмекұлы және облыстың тәжірибелі педагогтары Қазақстандағы ғарыш саласының даму жағдайы мен болашағына, ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың жолдарын ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің физика пәнінің мұғалімдері, жалпы 187 педагог қатысты.

 

«Мұғалімнің оқушылармен жоба жұмысын үйымдастырудың іс тәжірибесінен» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

2021 жылдың 2 сәуір күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT  лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі                                         Ж.Жангасиеваның  «Мұғалімнің оқушылармен жоба жұмысын үйымдастырудың іс тәжірибесінен» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.

Іс-шара барысында Ж.Жангасиева «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы мен педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, «Мұғалімнің оқушылармен жоба жұмысын үйымдастырудың іс тәжірибесінен» тақырыбында педагогтерге шығармашылық жұмыспен айналысудың заманауи үлгілері мен жолдарын ұсына отырып, дарынды оқушыны анықтау, пән олимпиадасына дайындау және  авторлық бағдарлама жазудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 172 педагог қатысты.

«Қаршыға Ахмедияровтың күйлерінен» атты шығармашылық облыстық байқауы өтті. 

       Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 31 наурыз күні Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына орай музыка пәні мұғалімдері арасында «Қаршыға Ахмедияровтың күйлерінен» атты шығармашылық облыстық байқауы қашықтық форматында өткізілді. Байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті, «Музыка және Хореография» кафедрасының профессоры Молдыбаев Аман Шонбайұлы, «Музыка және Хореография» кафедрасының доценті Рысметов Ержан Ходжабергенұлы қазылық етті.

     Нәтижесінде бас жүлдені Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Тауасаров Ерболат, I орынды Меркі ауданы, М.Жылысбаев атындағы №14 орта мектептің мұғалімі Қарабаев Бауыржан, II орынды Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының мұғалімі Сұлтанбергенова Айман, Сарысу ауданы, Игілік ауылдық балалар өнер мектептің мұғалімі Бектибаев Асқар, III орынды Сарысу ауданы, Игілік ауылдық балалар өнер мектептің мұғалімі Махамбетов Орынбасар, Меркі ауданы, Савва атындағы № 9 орта мектептің мұғалімі Оспанова Баянсұлу иеленді.

Облыстық онлайн вебинар өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 2 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетудің тиімділігі» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне «Оқуға құштар мектеп» жобасын және даталы күндерге іс-шаралар ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметінің және іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Қордай, Шу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.