Байқаулар - Оқу-әдістемелік кабинет

Байқаулар

«Тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

2020 жылдың  25 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға тарих пәні сабақтарында  оқу мақсаттарына  сәйкес тапсырмалар құрастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері, білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастырудың негізгі аспектілері, жас мамандармен жүргізілетін жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              189 тарих пәні мұғалімі, барлығы 200 педагог қатысты.

«Қазақ әдебиеті пәнінде оқушылардың жазылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары»  атты облыстық семинар өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25 қарашасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігіне сай қазақ әдебиеті оқулығы мен оның оқытылуы жайлы жаңа көзқарастар мен заманауи әдіс-тәсілдер арқылы тәжірибенің озық үлгілерін насихаттау мақсатында «Қазақ әдебиеті пәнінде оқушылардың жазылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары»  атты облыстық семинар өтті.

           Жаңартылған бағдарлама оқушының ауыз екі тілде қарым-қатынас жасауымен қатар, жазба тілін дамытуды көздейді. Мұғалімдер сабақ барысында оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында сан түрлі тапсырмалар құрастырады.

Осы орайда қазақ әдебиеті сабағында оқу мақсаттарын игерту арқылы оқушының жазылым дағдысын қалыптастыруға болатындығы жайлы ой бөлісті.

 «Бағалау және салыстыру» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың әдеби эссе жазу, әдеби шығармаларды талдау, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту сияқты бір қатар күрделі мақсаттармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарымен бөлісті.

Аталған  іс-шараға   23 педагог қатысты. Семинар барысында пән мұғалімдері қазақ әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері, оқу мақсатына  жетуді қамтамасыз ететін бағалау критерийлері мен дискрипторды құрастыру барысында түрлі әдіс-тәсілдермен  алмасты.

«Особенности проведения СОР, СОЧ при дистанционном обучении» тақырыбында облыстық  онлайн вебинар  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2020  жылдың 25 қарашасы  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Особенности проведения СОР, СОЧ при дистанционном обучении» тақырыбында облыстық  онлайн вебинар  өтті.

«Zооm» платформасында  өткен іс-шараға 172  педагог қатысты. 

Іс-шара қатысушылары  қашықтан оқыту барысында Daryn.online, Kundelik.kz,  Online Test Pad  білім беру платформалары арқылы  жүргізілетін жұмыс түрлері,  білім алушылардың ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды құрастыру жолдары, қалыптастырушы бағалау жүргізу барысында балл қою мен тиімді кері  байланыс беру, тест спецификациясы және Блум Таксономиясы бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру  ерекшеліктері мен өткізу тәртібі бойынша тәжірибе алмасты.

Облыстық онлайн дөңгелек үстел өтті

          2020 жылдың 25 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасының аясында ауыл мектептерінің  әкімшілігін  әдістемелік қолдау мақсатында «Білім сапасын арттыруды тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Облыстық онлайн дөңгелек үстелге мектеп директорлары, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 25 адам қатысты.

Іс-шара барысында мектепішілік бақылау жұмысының жүйелі орындалуы, білім сапасын нәтижеге бағыттау жолдары,  жаратылыстану математикалық циклдер бағытында жүргізілетін пәндерінің педагогтерінің оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану аясын кеңейту, педагогтердің кәсіби потенциалдарын жетілдіру жұмыстарын дамыту, сондай-ақ,  кәсіби бағдар жұмыстарын  жүйелі жүргізілуі  туралы  жан-жақты ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен  бөлісті.

"Сабақты тиімді жоспарлау", "Эффективное планирование урока" тақырыбында 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   23 қарашасы күні жалпы орта білім беретін мекемелердің 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған "Сабақты тиімді жоспарлау", "Эффективное планирование урока" тақырыбында вебинар өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   470 педагог қатысты.

Іс-шара барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жобалау алгоритмнің қадамдары, «Кері дизайн» әдісін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау мен саралап оқытудың әдіс-тәсілдері  талқыланды. 

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных