Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі - Оқу-әдістемелік кабинет

Кіші шеберхана

«Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

          2021 жылдың 17 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін қашықтан оқыту жағдайында заманауи тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға ағылшын тілі пәні сабақтарында  оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру, қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын қолданудың ерекшеліктері, «төңкерілген сабақтар» жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,              130 ағылшын тілі пәні мұғалімі, барлығы 131 педагог қатысты.