«Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 сәуір күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бір бағыты зерделенген, жинақталған тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына тарату және соның ішінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу мақсатында «Қашықтықтан оқытуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 100 кітапхана қызметкерлері қатысты.