«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті
2024 жылдың 6 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдері «Математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды шығару практикумы», «Оқушыларды ҰБТ-ға жүйелі дайындау алгоритмі», «Система подготовки учеников к МОДО» тақырыптарында математика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардағы проблемаларды анықтау, талдау және ББЖМ-де,ҰБТ-да кездесетін есептерді орындаудың тиімді жолдары мен шешудің әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 189 педагогі қатысты.