Түркістан облысының педагогтарымен тәжірибе алмасу вебинары өтті.
2021 жылдың 15 ақпан күні Түркістан облысының білім қызметкерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, биылғы жылы өтетін халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерінде кездесетін тапсырмалармен таныстырып өтті.
Вебинар барысында Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері, аудан үйлестірушісі А.Т.Бейбітова оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын арттыру мақсатында жүргізілген іс-тәжірибесімен бөлісіп, аудан көлемінде жүргізілген жұмыстардың жүйесімен таныстырды..
Аталған вебинарға Түркістан облысы білім басқармасының 613 облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектеп директорлары мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығының директоры А.З.Турсынбаев, директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Жансейітқызы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.